Павлодардағы мектептер толықтай онлайн оқуға көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының үш қаласында – Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 7-31 желтоқсан аралығында бастауыш және орта мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқуға ауысады.

Карантин режимі білім беру орталықтарына, үйірмелерге және мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріне де қолданылатын болады.

Бұл шаралар Павлодар облысының КВИ таралу қаупі бойынша «қызыл аймақта» орналасуына байланысты. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 780 жағдай тіркелді, оның 4 423 - Павлодар қаласына, 829 - Екібастұз қаласына және 526 - Ақсу қаласына тиесілі.

Сонымен қатар, соңғы 3 айда облыста COVID-19-бен 30-ға жуық оқушы ауырып қалған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы