Кеше 2026, 23:55
Фото: pixabay
Павлодардағы көпқабатты үйден 6 адам құтқарылды
Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 6 адамды, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Павлодар қаласындағы Ледовский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері жедел жетті. Құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы 6 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Сондай-ақ өрт шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам құтқарылды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жеткізілді.
Өрт 2 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.