Павлодардағы Ертіс жағалауы Қазақстандағы ең көрікті орындардың бірі болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының орталық жағажайындағы жаңа учаскелердің құрылысы аяқталуға жақын. Ол еліміздегі ең ұзын әрі көрікті жағауға айналады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

1,5 млрд теңгенің ірі инфрақұрылымдық жобасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Нысан халық игілігіне жазда берілмек. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында да жағажай құрылысы қызу жүріп жатыр. 

Өзеннің жағасын бекіту, ретке келтіру – күрделі іс. Мамандардың арнайы біліктілігі болуы шарт. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1200 метр болатын қос учаске абаттандырылып жатыр. Жұмыс белгіленген кестеден бұрын басталды. 

«Жағалау теміржол көпірінен бастап, қала орталығына дейін созылмақ. Жұмыс күрделі болса да, жоспарымызды іске асырдық», - құрылыс учаскесінің басшысы Жанат Ысқақов. 

Өзен жағасында «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіші орналасқан. Бірегей табиғи нысан ашық аспан астындағы музейге айналып, туристік орын болады. 

«Басты мақсат – әрі қарай жұмыс істей беру, қаланың көркеюіне үлесімізді қосу. Бұл біздің болашақ – балаларымыздың келіп, жүретін орны болады. Мамандар алдымен гидрологиялық және геологиялық зерттеу жүргізіп, өзеннің жағасын бекітті», - дейді бригадир Айбек Шекенов. 

Осылайша, орталық жағалау еліміздегі ең ұзын және ең әдемі демалыс орнына айналмақ. Орталық жағалау металлургтер мен энергетиктер шаһарында бой көтерді. Ертісті бойлаған Ақсу қаласында шағын амфитеатр салынып, толыққанды демалыс орны пайда болды. Жобаны іске асыруға 450 млн теңге бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы