31 Тамыз 2025 2025, 22:27
Фото: freepik
Павлодардағы базарлардың бірінде ер адам өзін-өзі өртемек болды
Бүгін, 31 тамыз күні Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында жалдау ақысына байланысты дау туындап, бір азамат өзін-өзі өртемек болды.
Бүгін, 31 тамыз күні Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында жалдау ақысына байланысты дау туындап, бір азамат өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен базар әкімшілігі келіп, қауіпсіздік шаралары қабылданды. Жедел жәрдем бригадасы шақырылып, ер адамға дер кезінде көмек көрсетілді.
Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары азаматпен әңгімелесті, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.
Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.