Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедек балаларды ұрып-соққан

Павлодар облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында қадағалау органы зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің қаупі бар «тәуекел аймағындағы» балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізуде. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды. Бұл денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар, үнемі күтімді қажет ететін балалар.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды, - делнген Павлодар облысы прокуратурасының ақпаратында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Тексерулер жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы