Павлодарда жылжымалы екпе пункттері жұмысын бастады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде халықты жаппай вакциналау аясында мобильді екпе салу кешендері жұмысын бастады. Алғашқы жылжымалы пункт теміржол вокзалының аумағына орналасты. 

Мамандардың айтуынша, кез келген адам вакцина ала алады. Әзірге «Спутник V» екпесі салынып жатыр. Осындай стационарлы пункттер алдағы уақытта сауда үйлері мен адам көп шоғылданатын жерлерде пайда болады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, қазір өңірдің емханаларына екпе жеткізілді. 


Ресейлік вакцинаның алты мың дозасы, ал қазақстандық екпенің екі мың дозасы әкелінді. Осы жылдың ақпан айынан бастап 26 750 адам иммундау шараларынан өтті. Жоспар бойынша күн сайын бес мың адам екпе алуы тиіс, - дейді Айдар Сейітқазинов. 

Екпе алу кабинеттері Павлодар қалалық әкімдігінің ғимаратында да ашылды. Мемлекеттік қызметшілер жұмыс орындарында вакциналаудан өту мүмкіндігіне ие. 

Қалалық әкімдік мамандары халық арасында көп жүреді. Адамдармен байланыс үзілмейді. Сондықтан екпе алып, қорғанулары керек. Әсіресе, спорт, білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері өкілдерінің белсенділігі жоғары. Мемлекеттік қызметшілер алдын ала өтініш бойынша екпе алуда. Алғашқы 50 өтініш түсті. Бүгінде 200-ге жуық мемлекеттік қызметші бар, - дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. 

Алдағы уақытта облыс орталығында бірнеше мобильді орын ашылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы