Павлодарда жылытылмаған үйлердің мәселесі шешілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда жылу беру көрсеткіштері төмен болған көпқабатты үйлерде қажетті температуралық режим қалпына келтірілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдыбаев айтып өткендей, Павлодар әкімінің тапсырмасымен құрылған мониторингтік топ аталған ғимараттардағы пәтерлер мен желілерді тексеріп, тұрғындар өтініштерінің бекер еместігіне көз жеткізген. Анық болғандай, Толстой, 90 пәтерлеріндегі ауа температурасы 20 градустан төмен болған.
Павлодар жылу желілері" ЖШС аталған үйлерді басқа жылу желілеріне қосу туралы тапсырма берілді. Нәтижесі көңіл көншітерлік. Пәтер иелері риза. Бүгінде бұл үйлерде жылу және гидравликалық көрсеткіштер қалыпқа келтірілді. Дәл осындай жұмыс Киров, 89 көпқабатты үйінде де өткізілді, - дейді Қанат Желдыбаев.Қанат Желдыбаевтың айтуынша, өтініштер көбінде-көп түгелдей бір үйдің емес, жекелеген пәтерлер тұрғындарынан келіп түседі. Осындай жағдайда радиаторлардың бітеліп қалуы, әйнек, балкондар есіктерінің нығыздалып жабылмауы жиі кездеседі.
Толстой, 90 үйінің тұрғыны Галина Дмитриева пәтерінің жылынғанын растады.
Қазір батареяларымыз ыстық. Оған дейін пәтер суық болған. Оның үстіне ыстық су да болған жоқ. Қазір бәрі жақсы, - дейді Галина Дмитриева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ол - қазақ
Өзгелердің жаңалығы