15 Қыркүйек 2026, 08:23
Фото: freepik
Павлодарда жылыту маусымы басталды
Әкімдік қаулысына сәйкес, Павлодарда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталды.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 14 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге жылу кезең-кезеңімен беріле бастады.
Ал 28 қыркүйектен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі.
Бұл жүйені біртіндеп іске қосып, жылу желілеріне түсетін жүктемені күрт арттырмауға мүмкіндік береді.