Павлодарда жылқы екі адамның өліміне себеп болды
Павлодар маңында екі автокөлік жылқыға соғылып, екі адам жол-көлік оқиғасының салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Павлодардың жанындағы республикалық тасжолдың бойында орын алған.
Оқиға куәгерлері бірден «жедел жәрдемге» хабарласып, Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде екі көліктің жылқыға соғылғанын айтқан. Он минуттан соң келіп жеткен бригада мен Апат медицинасы орталығының дәрігерлері көмек көрсетуге тырысқан.
Өкінішке қарай, екі жолаушыны құтқарып қалу мүмкін болмады. 29 және 35 жастағы азаматтар алған жарақат салдарынан көз жұмды.
Тағы екі пациент: 36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бангладеште дауылға байланысты эвакуация жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы