Павлодарда жыл соңына дейін 12 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы айда 5 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы қалалық мәслихат алдындағы есебінде Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов мәлім етті.

Қаламызда құрылыс жалғасуда. Жыл басынан бері 6 көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Осы айда 5 үй беріледі. Ол шамамен 30 мың шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ жеке инвестицияға салынған Щедрина көшесі, 30/1 мекенжайындағы үй іске қосылады, - деді Асайын Байханов.
Қала басшысының айтуынша, «Сарыарқа» шағын ауданында ескі үйлер сүрілуде. Биыл 12 үйден 4 үй сүрілген. Иелеріне уақытша жалдамалы үй берілген.
Жыл соңына дейін қалада 12 үй пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде Достықта 6, Сарыарқада 3, тағы 3 үй жеке инвестицияға салынады, - деді Асайын Байханов.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Асқар Ажмұраттың айтуынша, осы уақытқа дейін «Сарыарқа» шағын ауданында 31 көпқабатты үй салынған. Барлығы 2976 пәтер берілген. Барлық үй инженерелік желілермен қамтылған.

Қазір 10 үй немесе 968 пәтер салынуда. Кейбір үйлер 2022 жылы бітеді. Бұл шағын ауданды 2022 жылы салып бітіреміз, - деді Асқар Ажмұрат.

Айта кетейік, жалпы «Сарыарқа» шағын ауданында 42 көппәтерлі үй салынып, 3948 пәтерді құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы