5 Шілде 2026, 20:17
Фото: unsplash.com
Павлодарда жүргізуші трамвай желісінің бағанына соғылып, қаза тапты
Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Павлодар қаласында жеңіл автокөлік трамвай желісінің тірегіне соғылып, жүргізуші қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі трамвай желісінің бағанына соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция апаттың нақты себептері тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады.
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33