Павлодарда жолды кесіп өтпек болған қарияны көлік қағып, мерт болды
Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетіп, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қария жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Асығыстық қайғылы жағдайға әкеліп, жаяу жүргінші алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы оқиға қаладағы Торайғыров көшесінде орын алған. Тәртіп сақшылары қарт адамды қаққан көлікті арнайы тұраққа алып кетіп, сараптама тағайындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да аңшылық маусымы ашық: қандай аң-құсты атуға болады?
Өзгелердің жаңалығы