Павлодарда жолаушылар бар автобус шахта шұңқырына түсіп кетті

«Майқайыңзолото» АҚ кенішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтарда сағат 01-25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, – деді департаментте.

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеуде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңзолото» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Pavlodarnews.kz
Өзгелердің жаңалығы