Павлодарда жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Газель жолаушылар көлігі мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан тоғыз адам жарақат алды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, қаладағы Торговая көшесінің бойындағы сауда үйлерінің бірінің жанында микроавтобус пен Аудидің қатысуымен апат болған.

Газель көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, павлодарлық азаматтың Ауди көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 жолаушы жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді облыстың ПД баспасөз қызметі. 

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, автокөлік айып тұрағына қойылды.

Осы уақытта дәрігерлердің мәліметі бойынша оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы көмекке барған.

1973 және 1983 жылы туған екі ер адам және бес әйел ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы жабық краниоцеребральды жарақаттар, ми шайқалуы және дененің көгеруі, т.б. жарақаттар алды. Сондай-ақ 2014 және 2004 жылы туған екі бала жабық бассүйек-ми жарақатымен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы