Павлодарда жоғалған кәсіпкердің мәйіті табылды
Павлодарда екі күн бұрын жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еріктілер ер адамның денесін табу жағдайлары туралы нақтыламады. Нұрмағамбетов Аслан Хамидұлы 1972 жылы туған. Ол 21 Ақпанда ақ түсті Toyota Camry 50 көлігімен белгісіз бағытқа аттанды. Ол қара көк күрте, қара джинсы, сұр қалпақ киген.
Павлодар облысының полиция департаменті ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау тұрғындары краннан аққан лай суға шағымданды
Келесі жаңалық
Зеленский қай кезде отставкаға кететінін айтты
Өзгелердің жаңалығы