Бүгiн 2026, 20:19 Фото: Павлодар облысының ТЖД

Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде екі адам қаза тапты

Жер қазу жұмыстары кезінде төтенше жағдай болған.

Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалған. Үйінді астынан екі жұмысшының денесі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, орташа есеппен 6 метр тереңдікте опырылу болған.

Бөлімшелер келгенге дейін кәсіпорын жұмысшылары бір адамның сыртқа шығуына көмектескен. Құтқарушылар топырақ астынан тағы екі зардап шегушіні алып шықты, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерді дәрігерлер қарап, ауруханаға жатқызды. Кейінірек құтқарушылар үйінді астынан екі адамның денесін алып шықты.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салайық, бұған дейін Макинск құс фабрикасында жазатайым оқиға болып, жұмысшы зардап шекті. 

Сондай-ақ, Павлодар зауытында зардап шеккен келіншек жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

400 мыңға жуық қазақстандық зиянды жағдайларда жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысында 3 адам кәріз құдығында уланып қалды

Жұмысшылар LRT вагондарын қолмен итеруде: CTS ресми түсініктеме берді