Павлодарда жер астынан атқылаған ыстық су жасыл желекті басып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Павлодарда жер астынан ыстық су жарып шыққаны туралы ақпарат тарады. Жер астынан атқылаған судың биіктігі бірнеше метрге жеткен.
Ыстық су құбыры қаладағы Batyr mall ойын-сауық орталығы жанында жарылған көрінеді. Салдарынан 40 градус ыстық субұрқағы көшені, жасыл желекті басып қалған.
Кейіннен «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі зақымдалған жерлерде ыстық су беру тоқтатылатынын хабарлады.
Бүгін «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1-ден қосылу аймағында жылу желілерінің гидравликалық сынақтары басталды. Сынақ 3-6 мамыр аралығында өтеді. Сынақтар желінің әлсіз учаскелерін анықтауға және оларды жоюға бағытталған. Зақымдануы бар барлық аймақ анықталған кезде ажыратылатын болады, - деп хабарлады кәсіпорын өкілдері.
Жылу операторлары қала тұрғындарынан жылу желілері өтетін жерлерде абай болуды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл «Павлодар жылу желілері» сынақ мерзімін өткізуді кейінге қалдырды. Оның мақсаты - жылу желілері құбырлары мен жабдықтарындағы ақауларды анықтау және келесі жылыту маусымына дайындау.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қайрат» тағы ұпай жоғалтты
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы