Павлодарда жеңіс күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды
Тұрғындар мен қала қонақтары соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Музейлерде ақпараттық көрмелер қойылып, майдан туралы бейнефильмдер көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды. Жұрт «Жеңіс үшін от кешкендер» сазды бағдарлама мен театрландырылған көріністерді тамашалады. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етіп ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.
Әкем соғысқа кеткенде мен кішкентай едім. Көрмегенді көрдік. Бидай ордық, сиыр саудық. Енді жаманшылық болмасын. Осындай соғыс болмаса екен дейміз. Еліміз гүлдене берсін. Халқымызға амандық тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын,– дейді қала тұрғыны Меруерт Кенжеғожина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы