Павлодарда жеңіл көлік өртеніп кетті

Павлодар қаласында жеңіл автокөлік жанып, өрт жақын орналасқан екі көлікке ауысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 23 минут ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы