Бүгiн 2026, 18:24 Фото: depositphotos.com

Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 16 жылға сотталды

Сотталушы кәмелетке толмаған балаға күш қолданып, зорлаған.

Павлодар облысында жасөспірімді зорлаған ер адам 16 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған адамға күш қолданып зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайын заң күшімен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

Сот үкімімен Ш. кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу анықталды, - деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мамандардың балаларды оңалту орталығында тәрбиеленушіге қорлық көрсеткеніне қатысты тергеу басталғанын хабарладық.