Павлодарда жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді

Павлодар облысында қатты желден жарықсыз қалған ауылдарға жарық берілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, түнде қатты жел соғып, бірнеше ғимараттың шатырын жел ұшырып кетті. Оған қоса, Май ауданында 5 ауыл, Аққулы ауданында 16 ауыл жарықсыз қалды.

Ауылдарға жарық берілді. Жағдай бақылауда. Шатырын жел ұшырған ғимараттарда қалпына келтіру жұмыстары басталуда, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Сонымен қатар, 8 наурыз күнгі сағат 12:20-дағы жағдай бойынша Ақсу қаласы Дөнентаев көшесі, 50 мекенжайындағы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының 3 қабатты ғимаратының шатырын жел ұшырғаны анықталды. Шатырдың жалпы көлемі 612 шаршы метрді құрайды. Оның 120 шаршы метрін жел ұшырған.

Зардап шеккендер жоқ. Шатырға соңғы рет жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы