Павлодарда пәтерде жарылыс болды

Павлодар BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы бұрынғы жатақхананың бірінші қабатында жарылыс болды. Жарылыс газ баллонынан емес екені белгілі. Мамандардың айтуынша, өрт сегіз шаршы метрді шараыған.

"Шақырту түсті телефон арқылы. Бір адам көз жұмды. Тағы бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалған. Оқиға орнынан 60 адам эвакуацияланды. Олардың 15-сі - бала", - дейді облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Самат Асайынов.

Қазіргі уақытта оқиға орнында сала мамандары мен жылжымалы криминалистік топ жұмыс істеуде.

Ақмаржан Әділбек

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы