Павлодарда жанып жатқан пәтерден 2 бала құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрттің шығуына жоғарғы қабаттағы пәтердің балконынан ұшып түскен темекі тұқылы себеп болған, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесіндегі бес қабатты үйдегі өрт туралы хабарлама "101" пультіне 12:23-те түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі күштері мен құралдары жіберілді.Балалардың анасы емізулі баласымен дүкенге кетіп, балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сонымен қатар, өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам өздігінен сыртқа шыққан.
Өрт орнына келген кезде №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барлау жүргізіп, екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде балалардың бар екенін анықтады. Қарауыл бастығы Асланбек Тілембаев өз қызметкерлеріне үш иінді баспалдақпен екінші қабатқа көтерілуге команда берді. Бөлімше командирлері Сұлтан Жасқайратов пен Нұрбек Шапенов баспалдақпен пәтерге көтеріліп, терезе арқылы 2014-2015 жылы туған екі ұлды шығарды, - дейді департаментте.
Оқиға орнында бес техника және облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері жұмыс істеді. Тілсіз жау 12:37-де ауыздықталып, 12:45-те толығымен сөндірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде 6 мыңға жуық бала мектеп формасын тегін алады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы