31 Тамыз 2025 2025, 05:42
Фото: Павлодар облысы ПД
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ПД мәліметінше, "Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна" автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады, - деп жазылған ПД хабарламасында.