Павлодарда жаңа сквер пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл аймақ екінші Павлодар шағын ауданында бой көтереді, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.

 

 Павлодар қаласы ТҮКШ ЖК және  АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, заманауи қаланы саябақтарсыз елестету мүмкін емес

Олар ландшафттың ажырамас бөлігі болып табылады. Жасыл желектер тек көзді ғана қуантып қоймай, экологияны да едәуір жақсартады. Сонымен қатар, мұндай орындар тұрғындардың сүйікті демалыс орны болып табылады, онда олар күнде серуендеп, демала алады. Осындай "жасыл аймақтардың" бірі екінші Павлодар шағын ауданында пайда болады. Жергілікті тұрғындар бұл аумақты көптен бері абаттандыруды сұраған еді, өйткені бұл ауданда бос уақыттарын өткізетін жер жоқ. Осы жылы Литвинов көшесі бойындағы бос алаңқайда жаңа саябақ пайда болады, - делінген хабарламада.

«Еңбек-Павлодар» РМК мердігер ұйымымен 2 100 шаршы метр аумаққа кеспе тастар төсеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, жарық шамдары, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылады. Спортпен шұғылданатын жандарға workout алаңы мен шағын футбол алаңы салынады, ал, бүлдіршіндерге жаңа балалар алаңы жаслады.

Аталған жұмыстарға бюджеттен 159,3 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы