Павлодарда жаңа автобустар қолданысқа берілді
Өңір басшысы Асайын Байханов пен қала жұртшылығына жаңа автобустар таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы Асайын Байханов пен қала жұртшылығына жаңа автобустар таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушыларды тасымалдаушы ірі павлодарлық - «№ 1 автобус паркі» ЖШС сыйымдылығы 25 орындық, жалпы сыйымдылығы 56 адамға арналған 1 санаттағы Isuzu 30 жаңа автобусын сатып алды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мініп-түсуіне арналған аппарельмен, кондиционерлермен және т. б. жабдықталған.
Жаңа автобустар № 115 және 126 бағыттар бойынша желіге шықты, өйткені, олардың жұмысына қала тұрғындарынан көп шағымдар түскен болатын. № 115 бағытта - 10 автобус және № 126 бағытта - 16 автобус жүретін болады, ал, 4 автобус резервте болады. Қозғалыс аралығы 2 есе қысқарып, 10 минутты құрайды.
Жылжымалы құрам санатының өзгеруіне байланысты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс бағыттарына аздап өзгеріс енгізілді:
- №115 бағыт Лермонтов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі учаскеде М. Жүсіп көшесінен Ак. Бектұров көшесіне ауысады;
- №126 бағыт Бұқар жырау көшесінен Ак. Бектұров көшесіне көшіріледі.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті жаңарту тәжірибесі басқа да автопарктерде, сондай-ақ, трамвай депосында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жұмысты жалғастыру қажет, - деді облыс әкімі.