Павлодарда жалпықалалық сенбілік өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында 9 қазан мен 9 қараша аралығында шаһар аумағында көгалдандыру мен санитарлық тазалық айлығы жарияланды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, айлық аясында 10 қазан күні жалпықалалық сенбілік өткізілмек.
Қала тұрғындарын, ПИК, кәсіпорындардың ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарды сенбілікке қатысуға және тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен бизнес нысандарына тиесілі аумақты тазалауға, көгалдандыруға шақырамыз, - деді әкімдікте.
Павлодар қаласы әкімдігінен 100 арнайы техника бөлінген.
Сондай-ақ. айлық өткізу кезінде ПИК және қызмет көрсету ұйымдарына қоқыстарды шығару үшін техника бөлінеді. Ол үшін аталған кәсіпорындарға тұрғын үй инспекциясы бөліміне өтініш беру қажет, - деді әкімдікте.
Сенбіліктер өткізу кезінде тұрмыстық қалдық полигонында қоқыстарды қабылдау тегін жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маска тақпаған ақтөбеліктерге 11 миллион теңге айыппұл салынды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы