Павлодарда жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Porsche Cayenne жүргізушісінің құжаттарын тексере бастағанда көлік нөмірлері жалған екенін анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бұған қоса, ол Қазақстан Республикасының жалған мемлекеттік белгілерінің астына ресейлік есепке алу нөмірін орнатқан.  33 жастағы автокөлік жүргізушісі мемлекеттік белгіні неліктен жасырғанын түсіндіре алмады, - деді Павлодар патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Жүргізуші заңды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 590-бабы 4-бөлігі және ҚР ӘҚБК 612-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотта қаралып, сот қаулысымен он тәулікке қамауға алынды.

Полиция кейінірек тағы бір жүргізушіні ұстады. Lada Priora иесі де он күнге қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы