Павлодарда үйден өрт шығып, 20 адам құтқарылды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі жөр төледен өрт шығып, 20 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлайды.

Өрт қаладағы Чкалов көшесі, 118/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінен шыққан, 20 адам эвакуацияланған.

«27 қаңтар күні сағат 09:01-де өрт шыққаны туралы хабарлама тіркелді.

Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау бөлімінің 15 маманы мен үш техника жұмыс істеп, өрт сағат 09.27-де сөндірілді. Қызыл жалын төрт шаршы метрді шарпыған. Құрылыстан қалған қоқыстар жанған», - дейді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Сонымен қатар 26 қаңтар күні сағат 07.36-да кезекшілік бөліміне Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында Мүткенов көшесі, 100 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Төрт бөлмелі үйдің 70 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдары мен төбесі жанған.

Өртті сөндіруге 7 маман мен 2 техника жұмылдырылған, өрт сағат 12.00-де сөндірілген. Мамандар үйден 27 литрлік газ баллонын сыртқа шығарған.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы