Павлодарда вирус жұқтырған екінші адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Covid-2019-дан екінші адам жазылып шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Коронавирустық инфекцияны 1981 жылы туған ер адамнан 09 сәуірінде анықталған.Науқас ауруханаға түскен кезде оның жағдайының ауырлық дәрежесі орташа деп бағаланған, дене қызуының температурасы 37,1 болған.
Науқастың эпидемиологиялық анамнезінен : 21-30 наурыз аралығында ер адам Қазақстанның үш қаласында болған.
14 күндік емдеу шаралары жүргізілгеннен кейін Covid – 2019-ға екі теріс нәтиже негізінде науқас ауруханадан шығарылды. Келесі екі апта бойы ер адам үй карантинінде, дәрігердің бақылауында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы