Павлодарда Венгрия елшілігінің өкілдігі ашылды
Венгрия елшілігінің өкілдігі Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан өңірлері үшін қызмет көрсетеді. Оның ашылуына Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан мен Венгрия — серіктес елдер. Қос мемлекет арасындағы ықпалдастық оң тұрғыда дамып келеді. Соңғы жылдары сауда-экономикалық айналым, мәдениет пен білім-ағарту байланысы жақсы қарқын алған. Облыс орталығында ашылған елшілік өкілдігі ынтымақтастықтың әлеуетін арттыра түспек.
Қазіргі уақытта біздің мемлекеттің Қазақстан бойынша 5 қалада құрметті консулы бар. Павлодарда ашылған өкілдік Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарын қамтиды деп жоспарланған. Екі ел арасындағы әріптестік дамып келеді. Бұл бізді айрықша қуантып отыр. Венгриялық дипломатия жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді болатыны сөзсіз», - деп атап өтті Венгрияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұран даңғылы бойынша қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгерді
Келесі жаңалық
Газа секторында гуманитарлық жүк тиелген көліктер тоналды
Өзгелердің жаңалығы