Павлодарда үй жануарларының өлекселерін жағатын крематор орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті еріктілер арнайы крематор сатып алды. Қызмет ақылы болмақ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл жобаны «Сердца Павлодара» қоғамдық қоры қолға алған. Жануарларға арналған крематорий орталық аумағында, контейнерде орнатылған.Бұл идея бір жыл бұрын пайда болған. Ветеринарлар барлық жануарларды құтқару мүмкін емес екенін айтып, крематор сатып алуға кеңес берген. Қалада мұндай қызмет түрі жоқ. Бірақ бізде ақша болмаған еді, - дейді қор жетекшісі Мария Гребенкина.Ұйым крематория сатып алуға миллион теңгеге жуық несие алған. Бұл - облыста үй жануарларын кремациялауды ұсына алатын жалғыз мекеме.
Біздің басты міндетіміз – жануарларға күтім жасау мәдениетін дамыту. Бұл қалаға қажет. Сонымен қатар, бұл қор үшін ақша табудың тәсілі болады. Крематордың көмегімен алынған қаражат алдымен несиені өтеуге, содан кейін жараланған үйсіз жануарларды оңалту орталығының жұмысын жақсартуға жұмсалады, - деді Мария Гребенкина.Мұндай жабдық 50 килограмға дейін тек кішкентай жануарларды кремациялауға мүмкіндік береді.
Крематор дизельді. Тіпті, кішкентай жануарды кремациялау үшін біраз отын қажет, ал дизельдің өзі арзан емес. Павлодарда үй жануарларын жерлейтін жер жоқ. Кремациялауға немесе мал қорымына тапсыруға болады. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, мал қорымына тапсырып жою үшін екі мың теңге тұрады. Өлген малды клиникада қалдырып, мал қорымына тапсырғанда ақша төлейді, - деп түсіндірді қор басшысы.«Сердца Павлодара» сатып алған крематордың салмағы - 400 килограмм. Құрылғыға құбыр тартылды.
Шын мәнінде, бұл үлкен пеш, ішінен кірпішпен қапталған, ол температураны ұстап тұрады. Жанармай шашатын саптама орнатылған. Ішіндегі температура мың градусқа дейін барады. Толығымен жанып кетеді, тек күлі ғана қалады, - дейді ерікті.Еріктілер жабдықты тек сынақтан өткізді, әзірге кремация жүргізілмеген. Айта кетсек, жануардың өлексесі жойылғанына көз жеткізу үшін иелері орталық қызметкерлерінен процесті видеоға түсіруді сұрай алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы