Павлодарда үй жануарларын тегін зарарсыздандырудың пилоттық жобасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жануарларды зарарсыздандыруды «VetMed», «Жан», «Шанс», «Форвард», «Забота» ветеринарлық клиникалары жүргізеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, зооволонтерлер көптен күткен жобаны Павлодар қаласы әкімдігі мен Павлодар облысының ветеринария басқармасының қолдауымен жүзеге асырады.

Пилоттық жобаның демеушілері «Meirimdi Qala» қоғамдық қайырымдылық қоры. 18 қазаннан облыс орталығында иттер мен мысықтарды тегін және жеңілдікпен зарарсыздандыру басталады.

Бұл жобаның мақсаты - үй жануарларына ізгілікпен қарау, қоғамдық мораль нормаларын сақтау, жануарлардың санын зарарсыздандыру арқылы реттеу.

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын (Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған) жануарлардың иелері үшін растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда жануарларды зарарсыздандыру тәртібі тегін түрде жүзеге асырылатын болады, - деді басқармада.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарына жатпайтын азаматтарға жануарларды стерилдеу рәсімі жеңілдік құны бойынша жүргізіледі (операция құнының 50%).

Ветеринарлық клиниканы таңдау жануар иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы