Павлодарда Усолка өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірі жөнделуде
«Усолка» шағын ауданындағы Усолка өзенінің жағалауын абаттандыру және қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйеніп.
Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, жағалауда кеспе тастарды ауыстыру және төсеу, Workout алаңын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, шахмат үстелдері мен бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары қарастырылған. Аталмыш мақсаттарға бюджеттен 373 млн теңге қаражат бөлінді. Жұмыстарды «Еңбек» ШЖҚ КМК жүргізуде.
Бүгінде мұнда жаяу жүргіншілер көпірін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің қоршауы ауыстырылды және өткел нығайтылды, көлеңкелі шатыр орнатылды. Бұдан басқа, көпір өткелі жарықтандырылды, мұнда контурлы жарықдиодты жарықтандыру орнатылды, - деді әкімдікте.
Көпірдің құрылымын жеңілдету мақсатында ескі кеспе тастар мен қиыршық тастар алынып тасталды. Содан кейін террассалық тақтадан жасалған жаңа жабын төселетін болады.
Усолка өзенінің жағалауын абаттандыру және қайта жаңарту жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ және жалғасуда. Жоба бойынша барлық жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі - ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін.