Павлодарда үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының тұрғыны Айгүлім Қабиденова облыстық перинаталдық орталықта үш сәбиді дүниеге әкелді.

Бқл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады. 

Қыздардың есімі – Амина, Карима, ұлдың аты – Әлімжан. Әрқайсысының салмағы 2 келіден астам, бойы – 47,48,49 см. 

Әрине, барлығы Алланың қалауымен болады ғой. Бұл - Алланың бізге берген теңдессіз сыйы. Сәбилердің дені сау, аман болсын. Келініміз үлкен батылдық танытты. Жүктілік кезінде де көңілімізді тауып, жағдайымызды жасап, үйдің берекесін келтіріп жүрді. Балалар айы-күні толық жетіп дүниеге келді. Қуанышымызда шек жоқ, - дейді шақалақтардың әжесі Ағайша Шәріпова. 

Үшемнің әкесі Рымбек Қабиденовты құттықтауға әріптестері - «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко бастаған ұжым келді. 

Партия «Бақытты отбасы» маңызды әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Енді міне, әріптесіміздің отбасында төрт бала бар. Бұл – үлкен қуаныш және сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Балалардың болашағы жарқын болсын!, - деді Илья Теренченко. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл - биыл Павлодар облысында дүниеге келген үшінші үшем.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы