Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 ж.т. егіздер темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы