Павлодарда Ұлттық ұланның қызметтік иті 3 келі есірткі тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павладар облысы полиция Департаментінің ЖБО-нан белгісіз азаматта есірткі заты сақтаулы дейтін хабарлама келеді, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Оқиға орнына поиция қызметкерлерімен қатар, Ұлттық ұлан 5512 әскери бөлімінің кинологиялық қызметінің маманы сержант Талғат Қабдрахманов қызметтік иті «Бравомен» келеді. Олар Оңтүстік полиция бөлімінде қызмет атқару кезінде шақырылған болатын.
Кинолог иісіл итін қолдана бастады. Бірде «Браво» моншадағы шкавтың қасына келіп, белгі бере бастады. Мұқият тексеру кезінде «мөрленген» дейтін жазуы бар сегіз дана кіші қаптар табылды. Ішінде жасыл түсті өсімдік тектес үш келі зат бары анықталды.
Аталған дерек СДТБТ – ге ҚР ҚК 296 бабы. 2 тармағы («Есірткі заттарын заңсыз иемдену, сақтау») тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы