Павлодарда үлкен мұз сарайы бой көтереді
Бұндай мұз сарайын Екібастұзда да салу қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс орталығында хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен айналысуға арналған 20 мың шаршы метрлік мұз сарайы жақын арада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асырудың арқасында пайда болуы мүмкін.
Екібастұзда да 7500 шаршы метр мұз сарайын салу үшін осындай жобаны іске асыру қарастырылуда.
Облыс әкімі Асайын Байханов «Medeo invest» ЖШС өкілі Сергей Цыбенкомен кездесті. Кездесуде тараптар болашақ мұз ареналарының тұжырымдамасын және осы жобаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды талқылады, - делінген хабарламада.
Асайын Байханов болашақ құрылыс үшін жер учаскелерін анықтау, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, МЖӘ жобаларының тетіктерін пысықтауды және олардың шешімін 15 сәуірге дейін ұсынуды тапсырды.