Бүгiн 2026, 00:15
Фото: pixabay
Павлодарда тұрғын үйде өрт шығып, 15 адам құтқарылды
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
30 сәуірде 101 пультіне Павлодар қаласы Муткенов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен сәтінде қою түтінді бірден аңғарған.
Құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерде 10 шаршы метр аумақта үй жиһаздары мен тұрмыстық заттардың жануын жедел түрде сөндірді, – делінген ведомство ақпаратында.
Баспалдақ арқылы өрт сөндірушілер 15 адамды, олардың ішінде 5 баланы құтқарды. Сондай-ақ 20 адам өз бетінше далаға шыққан.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.