Павлодарда түнгі уақытта бірнеше жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімжеуінше, 24 желтоқсан күні сағат түнгі 01:05-те Сәтпаев көшесімен жүріп келе жатып, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бірнеше ереже бұзушылыққа жол берген.

Патрульдеу кезінде полицейлер тым кеш уақытта автокөлікте өте қатты музыка қойғанын, бұдан басқа, қауіпсіздік белдігін тақпағанын, көліктің жақын қашықтыққа түсетін жарығы қоспағнын анықтады, - деді департаментте.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі «тыныштықты бұзу», ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабының 1-бөлігі «көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзу», сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі «қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы