Павлодарда төртінші қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы қалай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда төртінші қабаттан құлаған бала: Оқиғаның қалай болғаны айтылды. Үш жасар қыздың жағдайы бір қалыпты.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 1 шілде күні полицияға Малайсары батыр көшесіндегі үйдің 4-қабатындағы пәтердің терезесінен бала құлап кеткені туралы хабар түскен.

Қыз бала терезе жақтауының үстіне шығып, терезе торына сүйеніп, ары қарай құлап кеткен. Тексеру жүргізілуде, - деді полиция департаментінде.

Полицейлер терезе маңында барынша қауіпсіздікті қамтамасы етіп, мүмкіндік болса темір торлар орнатуға кеңес береді.

Ал, дәрігерлер баланың жағдайы туралы айтты. Жарақат алған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.


Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, іш қуысының жарақаты диагнозы қойылды. Баланың есін жиған, жағдайы орташа, тұрақты, - деді денсаулық сақтау басқармасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы