Павлодарда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр

Біріншілік отандық тоғызқұмалақ мықтыларының басын қосып отыр. Алтын және күміс жүлде иелеріне Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама беріледі.

Тоғызқұмалақтың блиц және рапид түрлері бойынша өтіп жатқан чемпионатқа Қазақстанның 14 облысы мен 3 қаласынан 124 ойыншы қатысып жатыр. Спортшылар 24 қаңтарға дейін жекелей ойындар өткізеді.

Бұл – жаңа жылдағы алғашқы республикалық турнир. Биыл мамыр айында Түркияның Ыстанбұл қаласында блиц пен рапидтен VII әлем чемпионаты өтеді. Павлодар төрінде өтіп жатқан турнирде 1, 2-орын алғандар аталған жарысқа жолдама алады. Бәсекеге шеберліктері әбден қалыптасқан тоғызқұмалақшылар жиналып отыр. Жасы 14-тен жоғары спортшылар келді. Бұл жерде кейбір спорт шеберлігіне үміткер жастарға сенсация жасауға әбден мүмкіндік бар»,-дейді чемпионаттың бас төрешісі Шәріп Қашкенов.

Айтып өтейік, жарыста 5 ҚР-ға еңбегі сіңген спорт шебері, 17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23 спорт шебері өнер көрсетіп жатыр. Қатысушылардың 66-сы ер, 58-і әйел спортшылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы