Павлодарда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық дерегі тіркелді
Павлодарда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық дерегі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарда полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық фактісінің жолын кесті. Нәтижесінде 300 келіден астам заңсыз ауланған балық ресурстары, балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманды ұсақ жымқыру фактісі тәркіленді.
Мысалы, Успен ауданының тұрғындары Қозыкетен ауылының маңындағы көлде 286 келіден астам балық аулады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тәркіленген балық сараптамаға жіберілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Естеріңізге сала кетейік, “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында 2024 жылғы 20 қазаннан 19 қарашаға дейін өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы