Павлодарда суармалы жерлер ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Павлодар облысындағы егіс алқаптарында болды, деп хабарлады Парламент Сенатың баспасөз қызметі.
Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Железин ауданының Башмачное ауылдық округіндегі «Agro Capital» серіктестігінің жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Арман Қазымбетов депутаттарға суармалы жерлердің жағдайы және шаруашылықты одан әрі дамыту мәселелері туралы айтып берді.
Сенаторлар Прииртышский ауылдық округіндегі «Неупокоев В.И.» шаруа қожалығының алқабында да болды. Шаруа қожалығының басшысы Владимир Неупокоев көктемгі егіс жұмыстарының уақытында аяқталғанын айта келіп биыл Беларусь елінен жаңа тұқым себу кешенін сатып алғанын, жаңа техника ауыл шаруашығылығы жұмыстарында тиімді болып отырғанын атап өтті. Қожалық жұмысшылары суармалы жерлермен де жұмыс істеуді көздеп отыр.
«Болашақ-Агро» серіктестігінің алқабында болған кезде шаруашылық басшысы Қуат Анафин суармалы жерлердің жағдайы туралы сенаторларды хабардар ете келіп, алдағы уақытта суармалы жердің аумағын 700 гектардан астам жерге дейін ұлғайту жоспары туралы айтты. Депутаттар сумен қамтамасыз ету мәселелеріне және жергілікті халық бұрыннан суын пайдаланып келе жатқан Подстарое көлінің жағдайына назар аударды", - делінген таратылған ақпаратта.
Сенаторлар Қазақстан мен Ресейдің шекарасындағы Өрлітөбе өткізу бекетінде болды. Депутаттар тексеру-өткізу бекетіндегі төлқұжаттарды, жүктерді тексеру-бақылау жұмыстарының барысымен танысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы