Павлодарда студенттерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Павлодарлық студенттер жұмыс берушілермен жүздесіп, тәжірбиеден өтуге мүмкіндік алды. Жоғары оқу орындары өткізген жәрмеңкеге 50-ден астам кәсіпорын мен мекеменің өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс берушілердің айтуынша, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Өндіріс ошақтарына, әсіресе, машина жасау, атвоматтандыру, электротехника салаларына білікті кадр керек. Бұл сұранысты өтеу үшін оқу орындары оқу бағдарламаларын жаңартып, жаңа мамандық түрлерін ашқан.
Роботтарды бағдарламалау, автоматтандыру бағытында жаңа мамандықтар ашылды. Жастар алғашқы семестрлерде схемаларды әзірлеу, модельдеуді меңгереді. Кейін болашақ жұмыс орындарда тәжірибеден өте алады. Біз бірқатар өндіріс орнымен маман даярлауда бірлесіп жұмыс істейміз, - дейді Торайғыров университеті электротехника және автоматтандыру кафедрасының профессоры Оксана Андреева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада мерекеге орай көпбалалы аналарға жәрдемақы беріледі
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 59 адам АИТВ инфекциясын жұқтырған
Өзгелердің жаңалығы