Павлодарда спорт залда тілашар тойын жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті бірқатар карантин талабын бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Департаменттің мәлімдеуінше, құрамына әкімдік, полиция және СЭС өкілдері кіретін мониторингтік топтармен карантин режимін сақтау бойынша тұрақты тексерулер жалғасуда.
Жыл басынан бері облыс аумағында 239 ереже бұзушылық анықталды. Дәмхана, мейрамханалар мен асханаларда – 97, дүкендерде, сауда үйлері мен базарларда – 13 факт тіркелді. Сондай-ақ моншалар мен сауналарда, кинотеатрларда, жаттығу клубтары мен ойын залдарында санитарлық нормалар бұзылған. Бұдан басқа мониторингтік топтар корпоративтік кештерді, отбасылық мерекелер мен үйлену тойларын өткізудің 42 фактісін анықтады, – деді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғалым Сарғұлов.Мәселен коронавирустық инфекцияның қарқынды таралуына қарамастан, Павлодар ауданы Маралды ауылының спорт залында 50 адам қатысқан «Тілашар» отбасылық іс-шарасы өткізілді.
Сонымен қатар демалыс күні Нұрмағамбетов көшесіндегі киім дүкені жұмыс істеп, оған көптеген адам келген.
Аталған фактілер бойынша мекеме иелеріне қатысты ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы