Павлодарда соңғы үш жылда су айдындарына 500 мың шабақ жіберілді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде бағалы балық түрлерінің қорын қалыпқа келтіру және популяциясын көбейту мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.
Соңғы үш жыл ішінде су айдындарына бағалы балықтардың 500 мың шабағы жіберілген. Су тоғандарының биоалуандылығын сақтау бойынша міндеттерді табиғат пайдаланушылар мен жергілікті жауапты мемлекеттік мекемелер атқаруда.
Осы жылы су айдындарына тұқы балықтары босатылды.
Табиғат пайдаланушылар мен кәсіпкерлер 150 мың шабақты су айдындарына жіберді. Бұл игілікке 4,5 млн теңге бөлінді. Ал облыс әкімдігінің атсалысуымен Баянауыл ауданындағы Сабындыкөл мен Торайғыр көлдеріне 96 мың тұқы жіберді. Аймақта ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірленуде, - дейді облыстық Қоршаған орта, жер қойнауын пайдалану және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Қабылтаева.Бүгінде балық өнімдерін қайта өңдеумен жеті кәсіпорын айналысады. Жылына 196 мың өнім өндіріледі. Нақтырақ айтқанда, ішкі нарыққа дайын және консервациялық балық жөнелтіледі.
Сала мамандарының айтуынша, облыстың су ресурстарының әлеуеті зор. Балықтарды өсіру көлемі 2023 жылға дейін 1000 тоннаға жетпек. Осылайша, кәсіпорындар бір жылда 800 млн теңге табу мүмкіндігіне ие. Сала тиісті деңгейде дамыса, кем дегенде қосымша 500 жұмыс орны ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы