Павлодарда шиналарды қайта өңдеу өндірісі іске қосылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде резеңке қалдықтарын қайта өңдеу өндірісі жолға қойылды. Өндіріс жұмысы «Business Ertis» аймақтық бағдарламасы шеңберінде қолға алынды.

Бүгінде жаңа кәсіпорынға жарамсыз шиналарды тапсыруға жергілікті кәсіпорындар келісімдерін берген. Бүгінде 20 ірі ошақпен уағдаластық бар. Олардың қатарында металлургия, мұнай-химия салаларының ірі зауыттары бар. 

Облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының маманы Жәмилә Қуанованың айтуынша, экологиялық бағыттағы жобаның мақсаты - қоршаған ортаны тазарту. 

Жобаны жүзеге асыру аясында кәсіпорынға 1000 тонна шина қалдығы тапсырылады. Осылайша, қайта өңдейтін зауыттың жылдық қуаттылығының 50%-ы қамтамасыз етіледі. Осы жылдың басынан бері кәсіпорынға 300 тонна шикізат тапсырылған, - дейді Жәмилә Қуанова. 
Шиналарды қала тұрғындары да тапсыра алады. 
Автомобиль шиналарын жинау және жою жобасы аясында облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына хабарластық. Бізге шикізат беретін бизнес субъектілері қажет болды. Шиналарды қала тұрғындары да тапсыра алады. Осылайша, экологиялық ахуалдың жақсаруына үлестерін қосар еді. Бүгінде резеңке дөңгелектер тау-тау болып үйіліп жатыр. Бұл қалдық табиғи ортада 100 жыл бойы шіриді. Ал өңделетін болса, балалар ойын алаңдарын жасауға болады. Бұрын жол шеттерінде шиналар жиналып, қараусыз жататын еді. Біз олардың барлығын жинап алдық, - дейді кәсіпорын дриекторы Павел Пастушенко. 

Ірі кәсіпорындар қолданылған шиналарын белсенді тапсырып жатыр. Тіпті, Павлодар қалалық қоқыс полигонында жатқан резеңке қалдықтары да жеткізілді.
 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы