Павлодарда шағын және орта бизнес нысандары жұмыстарын жандандырады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі сегіз мың шағын және орта бизнес нысанына жұмыстарын қайта жандардыруға рұқсат етілді.
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтың мәліметінше, жұмысқа 30 мыңнан астам адам қайта кіріспек.
Бірінші кезекте "Бизнестің жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы", "Жұмыспен қамту" бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруымыз керек. Сонымен қатар, азаматтардың өтінішін ескере отырып, саябақ маусымын уақытында бастау туралы шешім қабылданды. Енді оларға егіндіктерін бастауға мүмкіндік бар. Екінші деңгейлі банктер, пошта қызметі, сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін қызмет ететін халыққа қызмет көрсету орталықтары күндізгі сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді, - дейді Сәкен Шаяхметов.Айта кетейік, техникалық қызмет көрсету орталықтары сияқты нысандар карантин кезінде үздіксіз еңбек ететін сала мамандары үшін жұмыс істейді. Ал саяжай иелері қиындық көрмес үшін қажет тауар сатылатын дүкендер қайта ашылады.
Облыстың бас санитарлық дәрігері Зәмзәгүл Дощанованың айтуынша, карантин режимін жеңілдету - көшеде емін-еркін серуендеу деген сөз емес. Қала көшелерінде жиналуға болмайды.
Қауіпсіздік талаптарының негізгілері - әлеуметтік тәртіп, жеке бас гигиенасын сақтау, дезинфекциялық шараларды жүргізу. Саябақ иелері қаладан тыс аумаққа кеткенді жеке оқшаулану деп қабылдауға болады. Ал шектек шаралары жеңілдетілген нысандар облысЕске сала кетейік, Павлодар облысында карантин режимі 16 күн бұрын енгізілді.
орталығындағы стратегиялық мәнге ие объектілер болып саналады, - дейді Зәмзәгүл Дощанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батырхан Шүкеновтің дүниеден озғанына 5 жыл
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы