Павлодарда сарбаздардың денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заң жетілдіруді талап етеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл ұсынысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виктор Деймунд айтты.
- Қазақстанның әскери күштерінде АҚШ-тың тәжірибесін қолданғаны дұрыс болады. Олардың әскерінде сарбаздардың денсаулық пен өмірлерін сақтандырады. Әскери қызметін өту кезінде сарбаздар әртүрлі жарақат алып, тіпті мүгедек болып та жатады. Мұндай жағдайда АҚШ-та сарбаздың өмірі 500.000 доллар есебінде сақтандырылады. Мысалы, сарбаз бір саусағын жоғалтса, оған 1500 доллар төленеді. Мен бұл ұсынысымды жоғары билікке жібергенмін. Жауабын күтудемін. Менің ойымша, заң жетілдіруді талап етеді, - деді Виктор Деймунд.
Спикердің айтуынша, Отан алдындағы борышын орындайтын адамдарда әлеуметтік қорғау болуы керек.
Айта кетсек, «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігі Павлодар облысының мектептері мен колледждеріне барып, жастарға патриоттық отан сүюді насихаттайды. Қоғамдық бірлестікте Ауған, Тәжік соғыстарының ардагерлері. Чернобыль апатында болған қоғам қайраткерлері бар.